Бір мемлекет алғаш болып коронавирусты жеңгенін хабарлады

Елдегі эпидемия кезінде 17 адам вирустан айығып, бір адам қайтыс болған.
Мавританияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі 13 наурызда тіркелген. Сол кезде елде шекара жабылып, жиналыс өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жұмысын тоқтатқан. Билік түнде комендант сағатын енгізген.