Америкалық тұрғын лотереядан бір күнде екі рет миллион доллар ұтып алды

Жергілікті KKTV телестанциясының мәліметінше, құмар ойындарды жақсы көретін тұрғын өзін Джо Б. деп атаған. Ол соңғы 30 жыл бойы лотерея билетіне сандар комбинациясын өзгертпей жазғанын айтады - 5-9-27-39-42.
25 наурызда ол кезекті рет ұтыс ойынға қатысқан. Екі түрлі дүкеннен Powerball билеттерін сатып алған ол екі рет миллион доллар ұтып алды.
27 сәуірде Джо лотереяның штаб-пәтеріне келіп, жүлдесін алып кеткен. Сол кезде ұйымдастырушылар Джоның ұтысымен суретке түсіріп алған. Америкалық тұрғын ақшаны қайда жұмсайтынын айтқан жоқ.