Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Facebook-те жаңа функция пайда болды

Facebook-те жаңа функция пайда болды

Facebook әлеуметтік желісінде Messenger Rooms топтық бейнеқоңыраулар сервисі іске қосылды, - деп хабарлайды ria.ru.
Басылымның мәліметінше, жаңа функция 14 мамырда АҚШ пен Канадада ресми түрде іске қосылды. Компания басшысы Марк Цукерберг әлеуметтік желідегі жеке парақшасында әлем бойынша жаңа қосымшаның іске қосылуы келесі аптаға жоспарланып отырғанын атап өтті.
Сервис коронавирус пандемиясына байланысты бейнеқоңырауларға сұраныстың артуына байланысты жасалған. Мұндай конференцияларды Facebook немесе Messenger қосымшалары арқылы жасауға болады.
"Сіз жеке бөлме (Room) жасай аласыз және сілтеме арқылы бірнеше досыңызды шақыра аласыз. Сондай-ақ өз тобыңыздағы адамның біреуіне сіз жоспарлап отырған шараға арналған бөлме жасауға да мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, барлық досыңыз үшін жаңалық таспасының жоғарғы жағында бөлме жасап, кімнің кіргенін көре аласыз", - дейді Марк Цукерберг.
Messenger Rooms сервисінде уақытқа шектеу жоқ, бөлмеге 50 адамға дейін тіркеуге мүмкіндік бар.
Жақында топтық қоңыраулар Цукерберг компаниясына тиесілі WhatsApp және Іnstagram  әлеуметтік желілерінде де пайда болады.
15 мамыр 2020 ж. 233 0