Трамп ДДСҰ-мен байланысты үзді
АҚШ президенті Дональд Трамп Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ара-қатынасын үзетінін мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"ДДСҰ тиісті реформа қабылдаудан бас тартқандықтан АҚШ бұл ұйыммен толығымен байланысты тоқтатады. Дүниежүзілік ұйымға бөлінетін ақша әлемнің басқа да қажетті денсаулық сақтау шараларына аударылады", - деді Трамп.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ басшысы ДДСҰ-ны коронавируспен күресуге дәрменсіздік танытты деп айыптаған еді. Осыған байланысты Трамп толығымен мекемеге қаражат аударуды тоқтатқан.