Ғалымдар әлемдегі ауасы ең таза жерді анықтады

Зерттеу авторларының бірі Томас Хиллдың айтуынша, Оңтүстік мұхит – антропогендік ықпалға ұшырамаған аз аймақтың бірі. Мұндағы ауадан аэрозоль ізі мен өзге де ластаушы бөлшектер табылмаған.
Ғалымдар Socrates кемесімен Тасмания аралынан Антарктида мұздықтарына дейін барып, ауа сынамаларын алған. Зерттеу нәтижесіне сай, Оңтүстік мұхит ауасынан тек судан сіңген мұхит бактериялары ғана табылған.