Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік мамандар еліміздегі шектеу шаралары жайлы

Ресейлік мамандар еліміздегі шектеу шаралары жайлы

Танымал ресейлік тележүргізуші, дәрігер Елена Малышева Қазақстанда не үшін екінші рет карантин енгізілгенін түсінбейтінін ашып айтты, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Малышеваның сөзінше, карантин мен шектеу шараларын енгізудің басты мақсаты індетке қарсы мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесін дайындап, аурудың өрушуін болдыртпау екен. 
"Негізі карантин енгізілсе, індеттің шарықтау шегі болмайды деген сөз емес. Бұл жағдай тек біраз уақытқа шегеріледі. Карантин жарияланғанымен ауру ешқайда кетпейді. Шектеу шаралары бәсеңдеген соң коронавирусты адамдар қайта жұқтыра бастайды. Мысалы Қазақстанда осындай жайт орын алды. Ал енді үкімет неліктен екінші рет карантин енгізіп жатқанын мен мүлдем түсінбеймін", - дейді ресейлік дәрігер. 
Бұған қоса ол карантин аурудың таралуын созып жіберуі ғажап емес екенін жеткізді. Айтуынша, әдетте бұл үш айға жетеді. 
"Қазақстандық дәрігерлер емдеу хаттамасы дұрыс емес деп шырылдауда. Қазір интернетте мұндай видеолар өріп жүр. Осы тұрғыда Ресейден дәрігерлер бригадасының Қазақстанға аттанғанын айта кетейін. Біздің мамандар әріптестеріне көмектерін тигізер деген ниеттемін", - дейді Малышева. 
Сондай-ақ тележүргізуші қазақстандықтарды әбігерге салынып, дәріханаларды алдын торуылдаудың қажеті жоқ деп ескертті. Себебі нұсқаулықсыз берілетін дәрілер коронавирусты емдеуге мүлдем қолданылмайды. 
Өз кезегінде Малышева егер сырқаттанып қалсаңыз, суды көп ішуге кеңес берді. Егер дене қызуы түспей қойса, парацетамол сынды дәрілерді қабылдау орынды дейді ол.  

08 шілде 2020 ж. 613 0