Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 30 маусымнан бастап карантин күшейетіні рас па?

30 маусымнан бастап карантин күшейетіні рас па?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда 30 маусымнан бастап шектеу шараларының күшейтілетіні жайлы тараған ақпарат - жалған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.«Әлеуметтік желілерде Ведомствоаралық комиссия Қазақстанда 2020 жылдың 30 маусымы сағат 00.01-ден бастап белгілі бір уақыт ішінде шектеу шаралары күшейтілетіні жайлы ақпарат тарап жүр. Бұл ақпарат дұрыс емес. Шектеу шаралары туралы түпкілікті шешімді Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-министрдің төрағалығымен мемлекеттік комиссия қабылдайды» делінген ведомство таратқан мәліметте.
30 маусым 2020 ж. 590 0