Әлемдегі ең қымбат 7 тұлпар


1. Palloubet d’Halong. Құны - 15 млн доллар
Palloubet d’Halong көптеген жылдар бойы ең жақсы аттардың бірі болды. Ол 10 жасында Нидерландтық Олимпиада чемпионы Ян Топсқа 15 миллион долларға сатылды.
Ян Топс та оны тиімді пайдаланды. Ол Катарға ат спортымен айналысуға барып, жақсы табыс тапты.
Palloubet d’Halong көптеген жылдар бойы ең жақсы аттардың бірі болды. Ол 10 жасында Нидерландтық Олимпиада чемпионы Ян Топсқа 15 миллион долларға сатылды.
Ян Топс та оны тиімді пайдаланды. Ол Катарға ат спортымен айналысуға барып, жақсы табыс тапты.

Green Monkey 2006 аукционда 16 миллион долларға сатылды. Ерекшелігі, мұндай жоғары бағамен сатылатын тұлпар бұрын бәйгелерге қатысып, атағын шығарған болуы керек-ті. Бірақ, Green Monkey-де мұның бірі де жоқ еді. Оның бағасына "ата-бабаларының" беделі қатты әсер еткен.
Оны сатып алғандар осы жағын ескермегендіктен Green Monkey-ден табыс таба алмады. Оның бәйгелерде көрсеткен ең жақсы нәтижесі үшінші орын ғана болды. Ал әкелген табысы бар-жоғы 10,4 мың доллар. Бәйгелердегі сәтсіздіктен кейін аталмыш тұлпарды құлын алу үшін биелерге қосты. Бірақ бұл да 5 мың доллардан артық пайда әкелмеді.

Annihilator тұлпары әлі әлемде аттарға жоғары сома ұсынылмайтын дәуірде – 1989 жылы 19,2 миллион долларға сатылды. Бұл ат бәйгелерде үздік нәтиже көрсетті. Оны көпшілік жирен түсі үшін де ерекше жақсы көрді.

Moorlands Totilas лақап атымен танылған голландиялық тұлпар көрермендерді төр аяғындағы аласымен өзіне тартатын. 2011 жылы неміс жылқы жанкүйерлері оны 21 миллион долларға сатып алды.
Голландиялық айғыр көптеген жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті. Оның тұрақты серігі, шабандоз Эдвард Гал ат спорты әлемінің "рок жұлдызы" атанды.

Shareef Dancer жүйрігін Дубай шейхы 1983 жылда 40 миллион долларға сатып алған. Айтулы бәйгелерде қара үзіп келген тұлпар ат спорты жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналған. Ол иелеріне 2 миллионнан артық табыс әкелген.

Жапон азаматы Фусао Секигучи аталмыш жылқыны 1997 жылы 4 миллион долларға сатып алып, оны Fusaichi Pegasus деп атады. 2000 жылы бұл тұлпар Кентукки Дербиінде жеңіске жетті. Ол иесіне жалпы 1,9 миллион доллар табыс әкелді.
Бәйгеге қатысуды аяқтағаннан соң оны асыл тұқымды жылқыларды сататын ирландиялық Coolmore Stud компаниясы 70 миллион долларға сатып алды.

Сауд Арабия ханзадасы Халид Абдуллаға тиесілі тұлпар кезінде 200 миллион долларға бағаланған. Бұл бағаны естіген ханзада Frankel- ді 400 миллион долларға да сатпайтынын айтқан. Алайда, оны 131,6 миллион долларға бағалап, сатып алуға дайын компаниялар болған, осыған байланысты нақты ұсыныстар жасалған.