Қырғызстанда тау көшті (видео)

"Дыйқан Қара-Кече автожолы бойында Қара-Кече тауы сілемдерінің бірі көшіп, электр желілері мен өзен арнасы және жолды басып қалды. Зардап шеккендер жоқ" делінген қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Елдің премьер-министрі Құбатбек Боронов төтенше жағдайдың салдарын жылдам жоюды тапсырды.