Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 жастағы қыз короновирустан емдейтін тәсілді тапты (видео)

14 жастағы қыз короновирустан емдейтін тәсілді тапты (видео)


14 жастағы америкалық жасөспірім организм жасушасына тәжді тажал вирусын енгізбейтін молекуланы тапты.

Жұқпалы індетпен алысып жатқан адамзатқа тигізер пайдасы ұшан-теңіз осы жаңалығы үшін ол 25 мың доллар мөлшерінде жүлде алып, «Американың ең жас ғалымы» деген атаққа (титулға) ие болды. Бұдан бөлек, жолдаманы қанжығасына байлады.
Пандемияның әзірге шет-шегі көрінер емес. Ол себепті, оның жаңалығы өзекті әрі маңызды.
Күллі әлем ғалымдары екпемен бас қатырып жатқанда жұқпалы індеттің бетін қайтаратын басқа да баламалы жолдары назардан тыс қалмауы керек, Техас штатының 14 жастағы жасөспірімі бұл дертті еңсеруге көп көмегін тигізетін жаңалық аша алды. Оның есімі - Аника Чебролу.
АҚШ-тың Техас штатына қарасты Фриско қаласынан. 3M Young Scientist Challenge байқауында топ жарды. Дәлірегі, ол COVID-19 індетіне шалдықтыратын SARS-COV-2 вирус ақуызымен жаңылыспай байланыса алатын молекуланы ашты.
Оның жаңалығы өз кезегінде тәжді тажалды зерттеу бағытына өзгерістер енгізуі мүмкін. Оның жаңалығы негізінде тәжді тажалға қарсы аса тиімді дәрі-дәрмек жасалуы мүмкін.
Аника in-silico әдісіне жүгінген &ndash миллиондаған молекулаларды тексеруге арналған компьютерді пайдалануды ұйғаратын тәжірибе турасында сөз болып отыр бұл арада.
Бастапқыда ол тұмаумен күресуге мүмкіндік беретін дәрі табуды мақсат еткен болатын, алайда, пандемияға байланысты мақсатын өзгертуге тура келген еді.
8-ші сынып оқушысы Аника Чебролу бірнеше деректер базасының көмегімен молекулярлы құрылымды зерделей келе SARS-CoV-2 вирусының тікенді ақуызының (spike protein) негізгі ерекшеліктерін анықтады.
Бұдан бөлек, ол молекулярлы докингтің көмегімен аталмыш ақуызды байланыстыратын әрі болашақтағы дәрінің негізін қалауы мүмкін молекуланың құрылымдық формуласын ұсынды.

alashainasy.kz
21 қазан 2020 ж. 537 0