Тәңір жазса, қиындықтар өтеріне сенеміз
Үлкен-кіші, жерлестерім бір тәртіпке енеміз.
Президент айтқандарын қабылдасақ бірдей боп,
Бір Алланың қолдауымен бұны дағы жеңеміз.
Тәжді вирус тарт қолыңды дархан мінез халқымнан,
Тарт қолыңды салиқалы дәстүрім мен салтымнан.
Аулақтау жүр, дүниедегі кең пейілді халқымнан,
Жатқа төккен мейірімін өздерінен артылған.
Қазақстан ұлан-байтақ жалғыз біздің кемеміз,
Осы байтақ ұлы Отанда өркендейміз, өнеміз.
Талай сыннан, қиналса да жарып өткен қазағым,
Тәңір жазса қиындықтар өтеді деп сенеміз!
Әмірбек Серекеев,
зейнеткер ұстаз.