Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Израильде вакцина салдырғандарға тегін тамақ таратыла бастады

Израильде вакцина салдырғандарға тегін тамақ таратыла бастады

Израиль коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырған азаматтарға тегін тамақ тарата бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Мақсат – препараттың тиімділігіне күмәнмен қарайтындарды екпе алуға көндіру. Ол үшін билік өкілдері тіпті дәмхана иелерімен бірлесе жұмыс істей бастаған. Яғни, мейрамхана қонағы вакцина қабылдауға келіссе, оған кез келген сусын тегін беріледі.

Билік өкілдерінің айтуынша, осы шараның арқасында халықты вакциналау қарқын алған. Санға салсақ, күн сайын шамамен 150 мыңдай адам екпе ектіреді екен. Айта кетейікк, бүгінде Израиль елі халықты вакциналау бойынша әлемде алдыңғы орында келеді.

Жергілікті денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін ел азаматтарының 43%-і Pfizer препаратының кемінде бір дозасын салдырған.

Біз мұнда вакцина салдыру үшін келдік. Басқа амалымыз жоқ. Оның үстіне пицца мен кофе тегін беріледі екен, – дейді Тель-Авив қаласының тұрғыны Лизи Критцер.

baq.kz
20 ақпан 2021 ж. 536 0