Ғалымдар: КВИ адамдардың 20 млн жылға тұрарлық өмірін жалмады

Олар 81 елде коронавирустан көз жұмған азаматтардың жасы мен сол мемлекеттегі өмір сүру ұзақтығын салыстырған. Сөйтсе, індет кесірінен адамзат 20 миллион 507 мың жылын жоғалтқаны белгілі болды. Бұл көрсеткіш бойынша 81 елдің ішінде бірінші орында Непал тұр. Бестікке сондай-ақ Тайвань, Боливия, Сальвадор мен Доминикан Республикасы кірген. Ал антирейтингтің соңында Еуропа елдері Бельгия, Дания, Люксембург, Словения, Швеция мен Швейцария тұр.
kyzylorda-news.kz