Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйел перзентханада “шетінеп кеткен” ұлының тірі екенін 14 жылдан кейін бірақ білді

Әйел перзентханада “шетінеп кеткен” ұлының тірі екенін 14 жылдан кейін бірақ білді

Санкт-Петербург тұрғыны перзентханада «шетінеп кеткен» баласының тірі екенін 14 жылдан кейін білген. Яғни 14 жылдан кейін оған ата-ана құқығынан айыру туралы қуыным жіберіліп, осы жылдарға алимент төлеуі керек екені айтылған.

Бұл туралы Mash телеграм-арнасына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Хабарланғандай, әйел 2004 жылы өз баласынан бас тартатынын жазғанда, оған баласының шетінеп кеткенін айтқан.
«Маған санитар әйел келіп, мен баладан бас тартатыным туралы арыз жазғанда, дәрігерлер оны системадан ажыратқанын, салдарынан баламынң қайтыс болғанын айтты», – дейді әйел.
Ал әйелдің анасының сөзінше, осы жылдар ішінде баланы бір балалар үйінен екіншісіне ауыстырған. Алайда оның тірі екенін отбасына хабарламапты.
Сотта петербургтік әйелден 14 жыл үшін алимент төлеуін талап еткенде, ол қорғаушының көмегіне жүгінген.
Ал қорғаушының сөзінше, алдағы уақытта баланың шынымен де оның баласы екенін анықтау керек. Ол үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

stan.kz
01 маусым 2018 ж. 1 734 0