Исландия вакцина алғандар үшін шекарасын ашты

Әлем соңғы бір жылда үлкен сынақтан өтті. Барлығымыз біртіндеп болса да, қалыпты өмірге оралуымызды қалаймыз. Халыққа бұрыңғыдай саяхаттай алатын мүмкіндік жасап отырмыз. Туризмді жандандыру елдің экономикасы мен саудасына, мәдениетіне де оң әсерін тигізеді, - деді Исландияның премьер-министрі Катрин Якобсдоттир.
Соңғы мәліметтер бойынша, 360 мың халқы бар Исландияда коронавирустың 6087 жағдайы тіркелген. Оның 29 өліммен аяқталды. Исландия жаппай карантин енгізбесе де, коронавирус көрсеткіші төмен елдер қатарына жатады.
baq.kz