АҚШ-та Johnson & Johnson вакцинасын қолдануға рұқсат етілді

Шешім иммунизациялау туралы комтиет сарапшыларының кеңесімен қабылданған. Мамандар бірнеше аптаға созылған тексеру нәтижесінде «бұл препаратты қолдану кезінде қанның ұю мүмкіндігі төмен» деген қорытындыға келген.
Еске сала кетейік, АҚШ-та Johnson & Johnson вакцинасын қолдану сәуірдің 13-і күні тоқтатылған. Оған осы екпені салдырған 15 адамда қан ұюының тіркелуі себеп болған еді.
Джанет Вудкок, АҚШ Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы директорының міндетін атқарушы:
- Қос бақылаушы орган жиналған мәліметтерді мұқият тексере келе, вакцинаны салдырған адамда қанның ұю қаупі өте төмен деген шешімге келді. Бірақ екпемен байланысты қауіп-қатерді тексеру одан әрі жалғаса береді.
24.kz