Токиолықтар Олимпиаданың өтуіне наразы
Жапония астанасы Токиода Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz
Тұрғындар спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаушылық білдірді.
Ұлттық стадион алдында жиналғандардың айтуынша, пандемия кезінде жарысты өткізу орынсыз. Сонымен қатар наразы тарап Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиюі мүмкін екенін айтты.
Себебі қазірдің өзінде Жапония билігі қазынадан 15 миллиард 4 миллион доллар қаражат жұмсаған. Ал халықаралық олимпиада комитеті болса телекөрсетілім арқылы бұл сома өтеліп миллиардтаған кіріс келетініне сенімді.
«Соңғы кездері Олимпиада ойындарына қарсы шыққандардың саны артып барады. Бұған аймақтағы эпидемиялық ахуалдың ушығуы себеп. Бұл алаңдадатын жайт. Сонда да шараны тоқтату мүмкін емес сияқты. Тіпті айтарға сөзім жоқ» – дейді жергілікті тұрғын Кумико Суто.