Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 4,3 млрд теңге: Токиодағы Олимпиаданың кейінге шегерілуіне байланысты Қазақстан қанша қаражат үнемдеді

4,3 млрд теңге: Токиодағы Олимпиаданың кейінге шегерілуіне байланысты Қазақстан қанша қаражат үнемдеді

Халықаралық спорттық іс-шаралардың, соның ішінде Олимпиаданың кейінге шегерілуіне байланысты еліміздің қанша қаражат үнемдегені туралы Ақтоты Райымқұлова айтып берді. 


ҚР Мәдениет және спорт министрі көптеген іс-шаралар мен жаттығу кестелерінің өзгертілгені туралы айтып берді. 
"Коронавирустың пандемиясына байланысты ірі спорттық іс-шаралар кестесі өзгертілді. Осыған байланысты халықаралық жарыстардың, лицензиялық жарыстардың кестесі, сондай-ақ спортшыларды осы ірі спорттық шараларға дайындау кестесі түзетілді », - деді Ақтоты Райымқұлова ОКҚ-да халық алдында есеп беру кездесуі барысында.
Министр қазіргі таңда қазақстандық спортшылар жаттығуларын қайта бастағанын атап өтті. Сонымен қатар, кейбір спорттық жарыстар мен Олимпиаданың өзгертілуіне байланысты қаражаттың бір бөлігі мемлекет қазынасына қайта қайтарылған.
"Олимпиада 2021 жылға кейінге қалдырылғандықтан, осы жартыжылдықта 4,3 миллиард теңгенің едәуір сомасы үнемделіп, мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Яғни бұл қаражат оңтайландырылып, республикалық бюджетке қайтарылды », - деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары Халықаралық Олимпиада Комитетінің, Халықаралық Паралимпиада Комитетінің және Жапония Үкіметінің шешімі бойынша, сондай-ақ Токио 2020 Ұйымдастыру комитетінің жарлығы бойынша 2021 жылғы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.
05 маусым 2020 ж. 722 0