Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Токио Олимпиадасы бір-екі жылға шегерілуі мүмкін

Токио Олимпиадасы бір-екі жылға шегерілуі мүмкін

massaget.kz Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары коронавирусқа байланысты бір не екі жылға кейінгі шегерілуі мүмкін. Бұл туралы Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши The Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында айтты.
Оны сөзінше, Олимпиаданы жанкүйерсіз өткізу не мүлдем өткізбей қаржылық жағынан үлкен шығын әкеледі. Өйткені АҚШ телевидениесінің өзі ғана төртжылдықтың басты додасын көрсету құқығын сатып алу үшін Халықаралық Олимпиада комитетіне қомақты қаржы берген. 
"Олимпиада ойындарын өткізуден бас тартады деп ойламаймын. Оның орнына бір не екі жылға кейінге шегеріледі", - деді Харуюки Такахаши. Дегенмен Олимпиаданың уақытын өзгерту үлкен жұмыс. Өйткені бір-екі жылдан кейін Олимпиада ойындары өзге маңызды жарыстармен бір уақытқа келіп қалуы мүмкін. Ал басқа жарыстардың уақыты қазірдің өзінде халықаралық ұйымдармен келісе отырып бекітіліп қойған.  
Токиодағы 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының болмауы жапон экономикасына 7,8 триллион иен (74,2 млрд доллар қазіргі курс бойынша) шығын әкеледі. Ал Nikko Securities жапон қаржы компаниясының мәліметінше, коронавирустың таралу қаупіне байланысты Олимпиаданы болмауы елдің жалпы ішкі өнім өсімі жылдық есепте 1,4 %-ға қысқарады. Қазіргі уақытта бұл елде коронавирусты жұқтырғандар саны 1 мың адамнан асты, 12-сі көз жұмған. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі (696 адам) – Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері.  
11 наурыз 2020 ж. 967 0