Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Рио Олимпиадасындағы бірде-бір судья Токиода төрелік етпейді

Рио Олимпиадасындағы бірде-бір судья Токиода төрелік етпейді

2016 жылы Рио-де Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарында бокстан төрелік еткен бірде-бір судья 2020 жылғы Токио Олимпиадасына қатыстырылмайтын болды деп хабарлайды inform.kz
Халықаралық Олимпиада комитеті ашықтықты қамтамасыз ету үшін Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) тәртібіне нақты өзгерістер енгізіп отыр.
«Осыдан былай, төрешілердің берген бағасы әр раундтың соңында жарияланып тұрады. Талас туған жағдайда мәселені ХОК-тың бокс бойынша білікті лауазымды тұлғаларынан құралған пул шешеді. Рио-2016 Олимпиада ойындарына қатысқан бірден бір судьяның Токио-2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайды», - делінген ХОК хабарламасында.
Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейро Олимпиадасында Василий Левит Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған болатын. Қазақстандық боксшы финалда ресейлік Евгений Тищенкомен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіліске ұшыраған.
Алайда Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах комитет 2016 жылғы Олимпиадада болған кейбір бокс жекпе-жектеріне қатысты шешімдердің объективтілігін зерттейтінін мәлімдеген. Ол айқастардың бірі - Василий Левит пен Евгений Тищенконың жекпе-жегі еді.
21 қараша 2019 ж. 966 0