Қазақстандық садақ атушылар Токио Олимпиадасына қатысады

Садақ атудан Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Григории Ким Нидерландыдағы әлем чемпионатында командалық сында Олимпиада ойындарына жеңіп алған лицензия туралы айтып берді.
"Команадалық сында Олимпиада ойындарына дәл әлем чемпионатында лицензия жеңіп алу үлкен абырой. Лицензияларды әдетте Азия чемпионаттары мен әлем кубогының соңғы кезеңдерінде алушы едік. Бүгінгі жетістік еліміздің абырой көрсетеді. Осы әлем чемпионатында олимпиадалық жолдаманы ие болатынымызға сенімді болдым. Енді осы жарыста финалға шығуға тырысамыз", - деді Григорий Ким.