Грузияда қаза тапқан бойжеткеннің өліміне қатысы бар деген күдікпен оның туысы ұсталды

М. Мейірбековке қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабы – адам саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Мейірбеков полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша изоляторға қамалған. Істің мән-жайын анықтайтын жан-жақты тергеу жүріп жатыр. Еске сала кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі 5 мамыр күні Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезесінің астынан табылған еді. Ол 9-қабаттан құлап мерт болған.
Кейіннен Грузия прокуратурасы қазақстандық қызды зорлау және өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ісі бойынша айыптау шығарды. Хабарламада «күдікті қызды зорлап, артынан өлтіремін деп қорқытқан» делінген. Ауыр күйзеліске түскен азаматша өз-өзіне қол жұмсаған.
Күдікті 6 мамырда ұсталды.
syrboyi.kz