Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда Big Data EXPO 2021 ашылды

Қытайда Big Data EXPO 2021 ашылды

Қытайдың оңтүстік-батыс бөлігінде Гуйчжоу провинциясында «Big Data EXPO 2021» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цифрлық интеллект және жаңа технологиялар» тақырыбына арналған көрме бағдарламасына түрлі кәсіби диалогтар, форумдар кіреді, экспозициялар және басқа да іс-шаралар өтеді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар деректер қауіпсіздігі, цифрлық қызметтер және салаларды цифрландыру сияқты тақырыптарды талқылайды.
Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, Big Data EXPO 2021 халықаралық көрмесіне 225 қытайлық және шетелдік кәсіпорындар қатысуда.
Big Data EXPO, Қытайдағы ірі деректер индустриясының алғашқы көрмесі Гуйчжоу провинциясында 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. 2019 жылы ЭКСПО аясында 15,7 млрд долларлық келісімшарттарға қол қойылды. Өткен жылы ұйымдастырушылар Covid-19 оқиғасына байланысты көрме өткізбеді.
Көрме Data-орталықтарын құру үшін Apple, Huawei, Tencent сияқты ірі компанияларды тарта алды.
28 мамыр 2021 ж. 376 0