Аланияда Абай саябағы ашылды
Түркияның Алания қаласындағы саябаққа Абай Құнанбайұлының есімі беріліп, ескерткіші бой көтерді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Ұлы ойшылдың 175 жылдығына орайластырылған салтанатты шараны Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, Алания Муниципалитеті мен Аланиядағы Қазақстандықтар қауымдастығы ұйымдастырды.
Елдегі қалыпты өмірге оралу үрдісінен кейін өткен алғашқы шараға келушілердің қарасы қалың болды. Шаһарда өмір сүретін отандастарымыз атаулы күнге ұзақ дайындалыпты. Барған жерінде ән мен күйден шашу шашып, рухани азық сыйлайтын қазақ өнерпаздары, жергілікті халықтың көңілін баурап, жан сарайын жадыратын сахналық қойылым көрсетті. Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ» әні шырқалып, қазақтың күмбірлеген күйі мен мың бұралған биі орындалды. Айта кеткен жөн, Алания саябағында бой көтерген ақын ескерткішінің авторы – Нұрлан Ахметов.
Адем Мурат Южел, Алания муниципалитеті басшысы: – Абай саябағын Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Алания атынан тарту етіп отырмыз. Ақындар аллеясындағы саябаққа Ұлы ойшылдың есімін беру бекер емес. Себебі осы жерде түріктің белгілі 37 ақынының ескерткіші бой көтерген.
Абай Құнанбайұлы саябағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың символы деп білемін. 100-ден астам ұлттың өмір сүретін мекеніне түбі түркі жұртының ортақ тұлғасының есімі жарасып-ақ тұр
24.kz