Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай тағылымы рухани кемелденуге үндейді

Абай тағылымы рухани кемелденуге үндейді

Биыл қазақ жұрты ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын кең көлемде атап өтуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізудің мағыздылығын ерекше атап өткен болатын. Осы орайда аймағымызда қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында түрлі тағылымды шаралар үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Ұлтын рухани кемелденуге бастайтын Абай шығармашылығын кеңінен дәріптеуге арналған тағылымды шараларға аудан өнерпаздары да ерекше атсалысуда.
Осы орайда жуырда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Етемін үміт жастардан» атты мәнерлеп оқу шеберлерінің облыстық онлайн байқауына қатысқан теңізді өлкенің талантты қызы, З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінің өнерпазы – Салтанат Жаңабаева «Бас жүлде» иеленді.
Бұдан бөлек, А.Құнанбаевтың 175 жылдығы аясында өткен «Әжелер сөзі—тәрбие көзі» атты әжелер ансамблдерінің онлайн облыстық байқауында ауданға қарасты Қамыстыбас ауылдық клубының «Асыл әжелер» ансамблі қатысып, жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Екі кезең бойынша сынға түскен ауданымыздың ардақты әжелері бірінші кезеңде А.Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін орындап, екінші кезеңде ұрпақ тәрбиесіне бағытталған тағылымды мәні бар көрініс көрсетумен ерекшеленді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. 
26 қыркүйек 2020 ж. 828 0