Өлмейтұғын артына сөз қалдырған

Осы орайда, ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын мемлекет деңгейінде атап өтуге ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлыққа қол қойғанына ел куә. Алайда, бұл шаралардың той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек екендігі басты назарда. Абай шығармашылығынан челлендж басталып, оның әлемді шарлап кеткеніне бар жанымызбен қуандық. «Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды» деді Президент өз мақаласында.
«Келер қазақтың ішер уы да, татар балы да – Абай» дегендей, расында біздің бар болмысымыз, тіпті генофондымыздың жазбаша нұсқасы Абай сөздерінде десек қата емес.
Ақын қашан өлмейді? Оның сөздері жүректерде жатталғанда, саналарға сіңгенде өлмейді. Абайдан асырып ешнәрсе айта алмайтынымыз тағы да анық. Осы жерден сөзімді кілт тоқтатып, ұлы ақынның 1902 жылы жазған бір өлеңімен бірден-бірге кеткен ойымды тәмамдаймын:
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
Дархан АМАНЖОЛҰЛЫ,
220 мектеп мұғалімі, жас ақын.
Тоты құс түсті көбелек
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
Адамзатқа не керек:
Сүймек, сезбек, кейімек,
Харекет қылмақ, жүгірмек,
Ақылмен ойлап сөйлемек.
Әркімді заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек.
Дархан АМАНЖОЛҰЛЫ,
220 мектеп мұғалімі, жас ақын.