Пандемия кезінде 5 млн адам миллионер атанған
Тарихта бірінші рет әлем халқының 1%-дан астамы миллионер болды, қазір олар әлемдегі барлық ақшаның 45,8% басқарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зерттеуге сәйкес, 2021 жылдың басында әлемде 56,1 ммлн миллионер пайда болды, осылайша тарихта алғаш рет азаматтардың бұл санаты бүкіл әлем халқының 1% асты.
Жаңа миллионерлердің саны мына 6 елде көп:
АҚШ – 1,73 млн
Германия – 633 мың
Австралия – 392 мың
Жапония – 390 мың
Франция – 309 мың
Британия – 258 мың
egemen.kz