Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Моңғолияда бүгін жасөспірімдерді вакцинациялау басталды

Моңғолияда бүгін жасөспірімдерді вакцинациялау басталды

Бүгіннен бастап Моңғолияда 12-15 жастағы жасөспірімдер вакцина ала бастады, деп жазды centralasia.media.

Оларды вакцинациялауға министрлік Pfizer вакцинасына рұқсат берген. Вакцина салу ерікті түрде жүргізілуде. Баласына вакцина салуға ниетті ата-аналар арнайы пункттеріне жүгінуде. Пункттерде министрлік рұқсат берген Pfizer вакцинасы туралы ақпарат беріледі және вакцина алуға келісім парағы толтырылады. 
Мәліметтерге сүйенсек, 12 мен 15 жас аралығындағы жүз мыңнан астам жасөспірім бар. Pfizer (Comirnaty) вакцинасының екінші компонентін 21 күннен кейін алу қажет.
Моңғолияда аталмыш вакцинаның коронавируске қарсы жоғары тиімділігі байқалады. Мәліметтерге сүйенсек, вакцинациядан кейін адам вирус жұқтырса да ауру ағымы жеңіл әрі ауыр салдарсыз өтеді. Денсаулық сақтау министрлігі оның елдегі тиімділігін 75-95% пайыз деп бағалаған.

baq.kz
28 маусым 2021 ж. 503 0