Украинада тікұшақ апатқа ұшырады
Украинаның Николаев облысында МИ-2 тікұшағы апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz Николаев облысының ТЖМ Бас басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.«Құлаған Ми-2 тікұшағында екі адам болған, екеуі де қайтыс болды»,  делінген хабарламада.
Төтенше жағдайдың мән-жайын анықтау үшін Николаев облысындағы жедел топ пен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
		





		
		



