Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Израильде жұтып қабылдауға болатын вакцина жасалды

Израильде жұтып қабылдауға болатын вакцина жасалды

Капсуладағы вакцинаны үйде де қабылдауға болады деген пікірде мамандар. Израильде жұтып қабылдауға болатын, яғни капсуладағы вакцинаны жасалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Oramed Pharmaceuticals фармацевтикалық компаниясына сілтеме жасап. Енді ол клиникалық зерттеулерден өтуге тиіс. 
Бұл елдің Денсаулық сақтау министрлігі оны мақұлдағаннан соң, вакцина Сураски медициналық орталығында сынақтан өткізіледі. Тестілеуге басқа вакцинаны ектірмеген 24 ерікті қатысады. Топтың жартысы бір капсуланы қабылдайды, қалғандары препараттың екі дозасын алады. Зерттеулер алты аптаға созылмақ. Oramed Pharmaceuticals компаниясының бас директоры Надав Кидрон мұндай вакцинаның бірнеше артықшылықтарын атады. Біріншіден, ол коронавирустың әртүрлі штамдарына төзімді келеді.
Екіншіден, оның жанама әсерлері аз. Сонымен қатар вакцинаны басқа елдерге жеткізу оңай, өйткені оны сақтаудың айрықша шарттары жоқ. Кидронның айтуынша, оны тіпті бөлме температурасында да сақтауға болады. Ол болашақта адамдар мұндай вакцинаны үйде қабылдай алады деген ойда.

inbusiness.kz
22 шілде 2021 ж. 272 0