Финляндияда COVID-19 белгілері ұзаққа созылған науқастарға арналған емхана ашылды
Италияда мұражайларда, театрларда, мейрамханаларда және спортзалдарда ковид-сертификаттарын қолдану талабы енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл талап Үкіметтің бұрын қабылдаған шешіміне сәйкес жұма күні бүкіл елде қолданыла бастады.
Құжатты 12 жастан асқан адамдар ұсынуы керек. Финляндияда ковидтің ұзаққа созылған белгілері бар науқастарға арналған емхана ашылды. Егер симптомдар үш айға созылса, науқас осы медициналық мекемеге жіберіледі. Мекеме мамандары ковидтің ұзаққа созылған белгілері бар адамдар туралы ғылыми зерттеулер әлі де аз екенін айтты.
Бірқатар елдерде коронавируспен ауыратындардың саны бойынша антирекордтар анықталды: Таиландта 21 379 жағдай, Малайзияда 20 889 жағдай, Жапонияда 15 263 жағдай және Мароккода 12 039 жағдай анықталды.
egemen.kz