Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар коронавирустың 100% ауа арқылы таралатынын дәлелдеді

Ғалымдар коронавирустың 100% ауа арқылы таралатынын дәлелдеді

Қытайда автобустардың бірінде жүргізілген жаңа ғылыми зерттеу COVID-19 желдетілмейтін ортада ешқандай ауру белгілері жоқ науқас адамнан ауа арқылы таралуы мүмкін деген эпидемиологтардың пікірін растады. Бұл туралы lemonde.fr француз басылымы хабарлайды.
Ауру белгілері және қорғаныш маскасы жоқ COVID-19 жұқтырған адам бір сағатқа жуық уақытқа созылған сапар кезінде нашар желдетілетін автобустағы жолаушылардың үштен біріне вирус жұқтырды. Ғалымдар коронавирус жұқтыру радиусы бұрын ойлағаннан әлдеқайда үлкен екенін дәлелдеді. COVID-19 автобус салонының алдыңғы және артқы жағындағы жолаушылардан табылды.
Эпидемиологтар бұған дейін коронавирус жұқтырған адамдар түшкіргенде немесе жөтелгенде тамшылар арқылы жұқтырады деп мәлімдеген еді. Сондықтан дағдарыс басталған кезде ауа арқылы таралуы мүмкін деген болжамды бүкіл әлемнің денсаулық сақтау органдары назардан тыс қалдырды. Алайда көптеген мамандардың респираторлық вирустар мәселесі жөніндегі пікірлері мен қарапайым әңгіме кезінде вирустың ауада болуы-болмауына қатысты зерттеу нәтижелерінен алынған жаңа білімнің арқасында жазда жағдай өзгерді.
03 қыркүйек 2020 ж. 699 0