Коронавирус тамақ арқылы жұғуы мүмкін бе

Тамақтар бұзылған болуы мүмкін, бірақ СOVID-19 берілмейді", - дейді Ли Фэнцинь. Маманның сөзінше, тамақ өнімдеріне екі жолмен инфекция түседі. Ол сыртында вирус болған қаптама материал арқылы немесе тамақ өнімдерін қайта өңдеумен айналысатын вирус жұқтырған адам арқылы.
Айта кетейік, коронавирус тамақ өнімдері арқылы жұғуы мүмкін деген болжам Бейжің базарындағы коронавирустың қайта өршуінен кейін пайда болған. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бейжіңде 56 күннен кейін коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелген еді. COVID-19 диагнозы соңғы екі аптада қаладан шықпаған 52 жастағы азаматта расталған.
Сондай-ақ, Қытай астанасына көрші Баодин қаласында әскери режим енгізілген болатын. Оған Бейжіңдегі азық-түлік базарынан шыққан коронавирус дерегі себеп болған. Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!
https://kaz.nur.kz/