Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бетпердені тек тұмау белгілері болғанда ғана кию керек - ДСМ

Бетпердені тек тұмау белгілері болғанда ғана кию керек - ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын алдын-алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды inform.kz.
-Қолдарыңыз бен бетті сабынмен жиі және мұқият жуыңыз;
- Қолды залалсыздандыруда спиртті антисептиктерді қолдану;
- Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз;
- Науқас адамдармен байланыста болмауға;
- Суық тию белгілері (жоғары температура, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) пайда болған жағдайда, тұрғылықты жеріңіз бойынша дәрігермен кеңесу керек.
Бұл жағдайда мынаны ескеру қажет:
- бетпердені тек сізде тұмау белгілері болған жағдайда ғана кию қажет; - коронавирусқа арнайы диагностика тек медициналық себептер бойынша жүргізіледі.
Айта кету керек, бұл мәселе - барлық қазақстандықтардың әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады.
07 ақпан 2020 ж. 1 297 0