Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕНИНГИТТІҢ АЛДЫН АЛУ

МЕНИНГИТТІҢ АЛДЫН АЛУ

Менингококк инфекциясы – бактериялар  қоздыратын инфекциялық ауру. Түрлі клиникалық көріністермен – симптомсыз  тасымалдау, назофарингит (мұрын және жұтқыншақ қабынуы), менингит (ми қабықтарының қабынуы) және менингококк сепсисімен (қан зақымдануы) бірге өтеді.
Ауру адамдар мен сау тасымалдаушылар инфекция көзі болып табылады, яғни клиникалық көріністері жоқ, бірақ олар менингококк тасмалдаушылары болады.
Менингококк инфекциясы аурушаңдығы кезеңімен сипатталады – қыста және ерте көктемде аурушаңдық жоғары.
Инфекцияның берілу жолы – ауалы-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде). Инфекция қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микроб дені сау адамның ағзасына науқас немесе тасымалдаушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынаста болғанда жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабығы арқылы енеді. Жұқтырып алған кезден бастап аурудың басталуы он күнге дейін ұласады. Науқас алғашқы күнінен бастап айналадағыларға жұқпалы.
Менингиттің белгілері: күтпеген  жерден бастың қатты ауыруы,  құсу, қалтырау, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады,  дене қызуы 39-40°С жетеді. Тері бозғылттанады. Әлсіздік байқалады, арқа  және  аяқ-қол ауырады. Науқастар шөлдейді, тәбеті төмендейді. Бұл ауру тұмау, ангина,  тонзиллит және т. б. ауруларды қоздырады. Ағзаның қорғаныс күші әлсіреген кезде  қатты  тоңу, шаршау, қажу байқалады.
Профилактика:
– Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде катаралдық құбылыстар байқалады (тамақ қызарып, дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік). Тез арада дәрігерге көріну қажет, оның барлық ұсыныстарын орындаңыз;
– Түрлі мәдени-бұқаралық іс-шараларға, жүзу бассейндері, сауда ойын-сауық орталық­та­рындағы ойын алаңдарына  баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет.
– Ғимараттарды жиі желдетіп, ұжымдық орындарда ылғал шүберекпен тазарту жүргізу.
– Созылмалы инфекция ошақтарында са­нация жүргізу маңызды, балалардың ЛОР ор­гандарына бұл жиі қатысты, сондықтан ба­лаларды оториноларингологтарға тұрақты апару қажет;
– Тек қайнаған немесе бөтелкедегі таза суды ішу қажет;
– Тоңу, ашығу, ұйқысыздық, стресс және тағы басқалардан аулақ болу керек.
Ауруды әрқашан емдегеннен, алдын алған жеңіл екендігін есте сақтау қажет!

Миримхан АБДРАМАНОВА, 
ҚРДСМ ҚДСК "ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ" ШЖҚ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША
ФИЛИАЛЫНЫҢ АРАЛ АУДАНДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ,
БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ ЗЕРТХАНАШЫСЫ.
14 ақпан 2018 ж. 2 803 0