Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда тәулігіне 38 мыңнан астам адамнан вирус анықталды

Үндістанда тәулігіне 38 мыңнан астам адамнан вирус анықталды

Үндістанда тәулігіне 38 628 коронавирус инфекциясының жағдайы анықталды. NDTV арнасы Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап, елде тіркелген COVID-19 науқастарының жалпы саны 31 895 385-ке жетті деп хабарлады.

Бір тәулікте елде 617 адам коронавирустан қайтыс болған.
Ал жалпы Үндістанда COVID-19 расталған 427 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
Бұған дейін Бүкіл Үндістандық медициналық ғылымдар институтының басшысы Рандип Гулериа ел билігі қыркүйекке дейін балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялауды бастауға ниетті екенін айтқан болатын.

baq.kz

08 тамыз 2021 ж. 330 0