Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуал жайында баяндау үшін Instagram-да парақша ашты

Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуал жайында баяндау үшін Instagram-да парақша ашты

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуалға назар аударту үшін Instagram-да парақша ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
Джоли жұма күні ашқан парақшасында аты-жөні мен мекенжайы бүркеменлеген ауған қызының хатын жария етті. Қыз хатында тәліптердің билігі кезінде өзінің өміріне алаңдайтынын және қорқатындығын жазады. «Тәліптер басып алғанға дейін құқығымыз болды. Құқымызы еркін қорғай да алатын едік. Олар келгеннен кейін барлығымыз да қорқып отырмыз әрі бүкіл арманымыздың күлі көкке ұшады деп ойлаймыз», - дейді ауған қызы хатында.
21 тамыз 2021 ж. 430 0