Аустралияда коронавирус өршіп барады

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.
Алдыңғы рекорд 894 болған. Ол бір күн бұрын тіркелген. Аустралияның үкімет басшысы Скотт Моррисонның мәлімдеуінше, халықтың ересек бөлігінің 70%-ы вакцина алмайынша коронавирусқа байланысты карантин шаралары қолданыста болады.
Worldometer деректері бойынша, Аустралияда 44 034 COVID-19 жұқтыру оқиғасы тіркелген, қайтыс болғандар саны – 981.
Аустралия астанасы Канберрада 13 айдың ішінде тіркелген бірінші коронавирус жұқтыру жағдайы анықталғаннан кейін екі апталық карантин енгізілген.