Самарада орман өрті өршіп тұр

Табиғат апатынан 3 адам зардап шеккен. Мамандар ұлттық саябақтың 100 га жасыл желегін жалын шарпығанын хабарлайды. Тілсіз жау Немчанка мен Коноваловка елді мекеніне де жетіп, 18 ғимаратты күлге айналдырған. Қазір қауіпті деп танылған аймақтарда теміржол қозғалысы тоқтатылды.