Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Грекияда орман өрті өршіді

Грекияда орман өрті өршіді

Грекиядағы орман өрті дес бермей тұр. Табиғи апат аймағында төтенше жағдай жарияланған. Ел астанасы Афина маңында күшті жел отты өршітіп, жалын басты жолдарға дейін жетті.
Температура бағаны 40 градустан асып кеткен. Үкімет басшысы «бұдан да қиын жағдайға дайын болу керек» деп дабыл қағуда. Ауыл тұрғындары қауіпсіз жаққа көшуден бас тартып әлек.  Кириакос Мицотакис, Грекия премьер-министрі: - Біз 6 аймақта қауіп-қатердің қызыл деңгейін жарияладық.
Қажетсіз сапарларды кейінге шегеріңіздер және аса сақ болыңыздар. Шұғыл көшу туралы бұйрық берілсе, бірден орындауды қатты өтінемін. Үйлерді қайта салуға, ағаштарды жаңадан өсіруге болады, бірақ адам өмірін қайтара алмаймыз.
Пелопоннес түбегінде адамзат тарихындағы алғашқы Олимпиада ойындары өткен Ежелгі Олимпия ауылы да от құрсауында қалды. 200-ге жуық өрт сөндіруші мен ондаған техника тілсіз жаумен арпалысып жатыр. БЛИЦ:
- Үйіміздің өртеніп, күлге айналуына жол бермейміз. Онсыз да қаншама малымыздан және зәйтүн ағаштарынан айырылдық. Бала-шағама бара беріңдер дедім. Өзім осында қалып көмектесемін.

24.kz
06 тамыз 2021 ж. 434 0