Қазақстан қоржынында – төртінші медаль

Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина Токиода Паралимпиадада күміс медаль алды.
Дзюдошы 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші орынға ие болды. Финалда Әзербайдан спортшысы Дурсадаф Каримовамен кездесті.
Жекпе-жекте әзербайжандық спортшы жеңіске жетті. Зарина Байтабина күміс медаль алды.
Қазақстанның паралимпиадалық құрамасында спорттың жеті түрінен 26 спортшы бар.
"Толқын" ақпарат