Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал әлі де жақсармай тұр

Коронавирус: Әлемдегі эпидахуал әлі де жақсармай тұр

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК әлем елдеріндегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп жазады Egemen.kz.

Болгария Үкіметі COVID-19 ауруының өсуіне байланысты жаңа шектеулер енгізді. Карантин шаралары қазан айының соңына дейін созылады. Бүгіннен бастап елде кез келген бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Балалардың ойын-сауық орталықтары мен клубтар жұмыс істемейді, үй-жайлардағы спорттық жарыстар көрерменсіз өткізіледі. Тамақтану орындарына тек 23:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Түнгі клубтар мен би алаңдарының жұмысы тоқтайды. Кинотеатрл, театр және концерт залдарына көрермен залын 50% толтыруға ғана рұқсат етіледі. Жұмыс берушілерге қызметкерлердің жартысын қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру ұсынылды.
COVID-19 вирусына қарсы вакцинацияланған шетелдіктерге Канада шекаралары ашық. Ел Үкіметі коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен азаматтарды елге кіргізу туралы шешім қабылдады. Бұл жерде американдық Pfizer, Moderna, Johnson & Johnson компаниялары мен Британдық-шведтік AstraZeneca фирмасының препараттарымен вакцинацияланғандар туралы айтылып отыр. Вакцинация паспортынан басқа, туристер 72 сағаттан кешіктірмей теріс нәтижелі тест анықтамасын ұсынуы керек. Сонымен бірге Үндістан мен Мароккодан келген жолаушыларға елге кіруге тыйым салынады.
Вьетнамда коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін енгізілген локдаун ең ірі қаласының тұрғындарының ашығуына әкеп соқтырды. Толық оқшауланудың салдары ауқатсыз қалуға мәжбүр етті. Мұнда 9 миллион адам тұрады және қала пандемия эпицентрінде болды. Елде 520 мың адам коронавирус жұқтырған, 13 мыңнан астам адам қайтыс болды, олардың 80%-ы Хошиминде. Covid-19 ауруы диагнозы қойылған және олармен байланыста болған тұрғындарға үйінен шығуға тыйым салынады. Барлық жерде бақылау-өткізу пункттері орнатылған, ал ауру мен өлім-жітім көрсеткіштері әлі де жоғары.
АҚШ коронавирустың таралуы бойынша алдыңғы орыннан түспей келеді. Өткен аптада мұнда SARS-CoV-2 вирусының 1 миллионнан астам тасымалдаушысы анықталды. Статистика АҚШ-тағы сырқаттанушылық көрсеткіштерінің қысқы өршу кезіндегі (2020/2021) жағдайларға оралды деп болжайды. Ол кезеңдерде елде әр төрт күн сайын миллион жаңа жағдай анықталған болатын. Пандемия кезінде АҚШ-та 40 миллион COVID-19 жұқтыру жағдайлары тіркелді, 648,9 мың адам ауру салдарынан қайтыс болды.
Ресейлік ғалымдар 30 минуттан аз уақыт ішінде COVID-19 вирусының ағзада бар-жоғын анықтайтын құрылғы ойлап тапты. Федералды биомедициналық агенттіктің мамандары SARS-CoV-2 мутациясын жылдам бақылаудың жолын тапты, яғни коронавирустың маңызды қасиеттеріне жауап беретін геномның тек бір бөлігін «оқуды» ұсынады. 
07 қыркүйек 2021 ж. 474 0