Пәкістанда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Ұшақ оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады.
Әуе күштері өкілінің мәлімдемесіне сілтеме жасаған Geo News хабарлағандай, ұшқыштың өлі-тірі екені белгісіз.
Апаттың себебін анықтау үшін апат орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, делінген хабарламада.
Дәл осындай апат биылғы жылдың тамызында Пәкістанның солтүстігіндегі Атток қаласының маңында оқу-жаттығу кезінде орын алды. Әуе күштерінің жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған. Ол кезде екі ұшқыш та катапульт көмегімен аман қалған.