Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Boeing ұшқышсыз басқарылатын әскери ұшақ құрастырмақ

Boeing ұшқышсыз басқарылатын әскери ұшақ құрастырмақ

Boeing компаниясы Австралияда ұшқышсыз басқарылатын әскери ұшақ құрастырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адамның міндетін жасанды интеллект атқарады. Ұшақ Квинсленд штатының Тувумба қаласындағы зауытта жасалады деп жоспарланып отыр. Жоба аясында 300 жұмыс орнын ашу көзделген.

Еске сала кетейік, өтке аптада АҚШ, Австралия және Ұлыбритания Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздікке қатысты жаңа одақ құрған болатын. Қытай альянстың өзіне бағытталғанын айтып, үш елдің бастамасын сынға алған еді.

«Қазір біз өндірісті сертификаттау бойынша Австралияның қорғаныс министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы уақытта жаңа ұшаққа тапсырыс болатынына сенімдіміз. Кей шет мемлекеттер де өнімімізге қызығушылық танытып отыр», деді Boeing Defense Australia компаниясының атқарушы директоры Скот Карпендейл.
24 қыркүйек 2021 ж. 430 0