Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанатында жолаушы отыратын ұшақ әуеге көтеріледі

Қанатында жолаушы отыратын ұшақ әуеге көтеріледі

Голландиялық KLM авиакомпаниясы болашақта авиация саласын толықтай өзгертуі мүмкін бастаманы қолға алды. V-тәрізді ұшақ 314 жолаушыға дейін тасымалдай алады, оған қоса бәсекелестеріне қарағанда 20% аз жанармай тұтынады. Жобаны Нидерландының Делфт технологиялық университетінің ұшақ құрастырушылары жасап шыққан. Flying-V әуе кемесі даңқты Кит Ричардс, Джими Хендрикс және Ленни Кравиц секілді музыканттар ойнаған Gibson электрогитарасының құрметіне аталған. Ұшақтың формасы аталмыш гитараны еске түсіреді.Әуе кемесінің ұзындығы 55 метрді құрайды. Ал ені - 65 метр. Бұл көрсеткішпен жаңа ұшақ Airbus A350 және Boeing 787 әуе кемелерімен ұқсас. Сол себепті әуе компанияларына ұшақжай немесе ұшып-қону жолағына өзгерістер енгізіп қажет жоқ. Бір қызығы ұшақтың қанатында да жолаушылар мен жүкті тасымалдауға арналған бөлік болады. Бұған қарамастан Flying-V өзге ұшақтарға қарғанда әлдеқайда жеңіл болмақ. — Flying-V нарықта бар ең энергиялық тиімді реактивті қозғалтқышпен ұшады. Ұшақтың қазіргі жобасында керосин қолданылады, дегенмен ұшаққа электр жетегі бар реактивті қозғалтқыштарды орнату оңай, - делінген KLM авиакомпаниясының ресми сайтында.
https://massaget.kz

07 маусым 2019 ж. 1 115 0