Әлемдегі алып ұшақ тұңғыш рет көкке көтерілді

Stratolaunch Systems компаниясының екі фюзеляжды жаңа құрылғысы әуеде 2,5 сағат болып, максималды жылдамдықты сағатына 304 шақырымға дейін апарды. Алып ұшақтың қанаттары – 117 метр. Бұл алдыңғы рекордтан (Ан-225 “Мрия” 88 метр) әлдеқайда ұзын. Ұшақтың ұзындығы 73 метр. Әуе кемесінің салмағы 250 тонна, ол 590 тоннаға дейін жүк көтере алады. Биіктігі 4,69 метр. Ұшып-қону айлағында оның 28 дөңгелегі іске қосылады. Онда Boeing 747 ұшағы орнатылатын Pratt&Whitney қозғалтқыштарымен жабдықталған және әуеге 226 тонна жүкті көтере алатыны туралы Stratolaunch Systems компаниясының хабарламасында айтылады.
kazaknews.kz“Stratolaunch негізгі мақсаты – ұшатын құрылғылардың ғарышқа шығару. Әлемдегі алып ұшақты 2012 жылдан бері жобалап, құрастырып келеміз. Жобаның мақсаты – орбиталық позицияларға ыңғайлы әрі сенімді мүмкіндік жасау”, – дейді құрастырушылар.