Әлемді бағындырған Әлім

Медальдан бөлек Әлім Бейсембаев 25 мың стерлинг фунты көлеміндегі ақшалай сыйлыққа ие болды және ең бастысы Warner Classics музыкалық лейблымен келісім-шартқа отырды.
Әлім фортепианода 5 жасынан ойнайды. Күләш Байсейітова атындағы музыкалық мектепте, Жәния Әубәкірова және Мәскеудегі Чайковский атындағы консерватория жанындағы мектепте оқыған. 12 жасынан бастап, Англиядағы жас музыканттарға арналған Перселла мектебінде, 18 жастан Музыкалық Корольдік академиясында атақты педагог Тесса Николсонның қолында тегін білім алған.Әлім қазір Лондондағы Корольдік музыкалық колледжде магистратурада оқиды. Қазақстандық өнерпазға деген сұраныс өте жоғары. Ірі концерттер беріп, еуропалық көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүр. Ол туралы шетелдік басылымдар да жарысып жазып жатыр. Әлім әлемдік турға шыққан уақытында туған жерінде де өнер көрсетуді армандайды.
"Толқын" ақпарат