ЕХРО-2020 DUBAI: Ұлттық павильонды көрмеден кейін не істемекші?

Оның айтуынша, бірнеше нұсқа қарастырылып отыр.
– Біріншіден, павильонды демонтаждауға болады. Яғни, жинап, қайта құрастыруға мүмкіндік бар. Демек, оны бұл жерден алып кетіп, Қазақстанға апарып құруға болады, – деді А.Шайжүнісов.
Сондай-ақ ЕХРО-2020 DUBAI көрмесінің ұйымдастырушылары біздің павильонға қызығушылық танытып отырған көрінеді. Олар оны осында қалдырып, сақтап қалуға бейілді.
– Павильон бірінші кезекте елдің әлеуетін паш ету үшін салынды. Демек, оны осы мақсатта алдағы уақытта да пайдалана беруге болады, – деді ол.