Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Ақтаудан Дубайға ұшатын жаңа рейс ашылады

Биыл Ақтаудан Дубайға ұшатын жаңа рейс ашылады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биылдан бастап Ақтау мен Дубайды жаңа әуе рейсі жалғайтын болады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов бастаған Маңғыстау делегациясының Біріккен Араб Әмірліктеріне іскерлік сапары аясында Ақтау және Дубай қалалары арасында жаңа әуе қатынасын енгізу туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Ақтау әуежайының және «Fly Dubai» әуе компаниясының басшылығы қол қойды. «Fly Dubai» әуе компаниясы 2018 жылғы қазаннан бастап 2018/2019 жж. маусымына Дубай-Ақтау-Дубай жаңа тұрақты әуе рейсін ашады.
«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ тиісті әуежайлық және жерүсті қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға, тиімді баға саясатын қалыптастыруға қолғабыс жасайды.
Жаңа әуе қатынасы Біріккен Араб Әмірліктеріне Қазақстаннан және онымен шекаралас елдерден (Ресей, Түрікменстан, Өзбекстан) келетін туристер ағынын, сонымен қатар Ақтау халықаралық әуежайы арқылы транзиттік жолаушылар санын арттыруға септігін тигізеді.


13 наурыз 2018 ж. 1 130 0