Жапонияда отшашулар шығаратын зауыт өртеніп жатыр

Жергілікті өрт сөндірушілердің мәліметінше, кем дегенде күйік шалған үш адам ауруханаға жатқызылған. Олардың бірі ауыр халде. Қазіргі уақытта өртті жою әрекеттері жалғасуда. Зауыт ғимаратынан мезгіл-мезгіл отшашулардың атылған дыбысы естіледі, өрт сөндірушілер жергілікті тұрғындарды оқиға болған жерге жақындамауға шақырды.
syrboyi.kz